Бүгін Елбасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетін Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесу өткізеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, 11-12 қыркүйекте Қазақстан Президентінің Душанбе қаласында Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысуы жоспарланған.