Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентімен кездесті

01.10.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу кезінде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы байланысты одан әрі арттыру, сондай-ақ, Еуразиялық Экономикалық Одақпен ортадағы өзара қарым-қатынасты нығайту қажеттігін атап өтті.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хасан Руханиді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Хабарламаларға жазылу