Олимпиада чемпионы және Қазақстанның мақтанышы Жақсылық Үшкемпіров Халықаралық күрес қауымдастығының «Құрмет залына» енді. Сондай-ақ, мұндай құрмет бапкер Вадим Псаревке де көрсетліді.
Осы уақытқа дейін әлем бойынша Халықаралық күрес қауымдастығының «Құрмет залына» 16 палуан енгізілген. Олардың ішінде 3 бапкер, 2 төреші, 4 еркін күрес шебері, 3 грек-рим күресінің шебері және 2 күрес қауымдастығының өкілі бар.
Енді бұлардың қатарына Жақсылық Үшкемпіров пен Вадим Псарев қосылды.
«Құрмет залына» ену мен үшін үлкен бақыт. Бұл менің осы уақытқа дейінге еңбегімнің еш кетпегенін білдіреді. Осындай атаққа еліміздің басқа да палуандары қол жеткізсін, деп тілеймін», - дейді Жақсылық Үшкемпіров.