2014 жылдың 14 қыркүйегінде АҚШ-тың Карнеги-холл залында «Абай» және «Шәкәрім» сюиталарының тұсаукесері өткізіледі.
Қазақстан халқының мәдени мұрасын Марат Бисенғалиев бастаған «Алматы симфониялық оркестрі» орындайды, деп Мәдениет және спорт министрлігі.
«Екі музыкалық туындының авторы - шығармалары тек Ұлыбритания мен Еуропада ғана емес, бүкіл әлемге танымал британдық композитор, Британия империясының Таңдаулы орденінің командоры Сэр Карл Дженкинс», - делінген хабарламада.
Атақты ағылшын композиторы музыкалық шығармаларды даярлау кезінде Қазақстанға бірнеше рет келіп, көшпенділер мәдениеті мен қазақ музыкалық аспаптарының шығу тарихын зерттеді.
Аталмыш шара «Достастықтың мәдени астаналары» атты мемлекетаралық бағдарлама аясында Алматы қаласын ТМД елдерінің мәдени астанасы ретінде қолдауға бағытталған.