Оны Алдар Көсе дейтін, бұл лақап аты еді. Алдар – алдаушы, өтірікші, Көсе — сақалы жоқты білдіреді. Оның шын есімін, ондай адамның болған, болмағанын ешкім білмейтін. Бірақ, қай ауылға барсаң да, оның есімі ел аузынан түспейді.
Әркім әр түрлі айтады. Бірақ, әр әңгіменің тоқетер жері – ол кедей болса да, пейілі кең, жетім-жітіктерге қол ұшын беріп, халықты езген бай-манаптардың әділетсіздігіне қарсы күрескен-мыс.
Шәкен Айманов, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов сынды тарландар кейіпкерлерін сомдаған «Алдар Көсе» комедиясын бүгін 00.50-де Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.