«Барыстың» плей-оффтағы қарсыласы – «Автомобилист» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Барыстың» плей-оффтағы қарсыласы – «Автомобилист»

05.03.2014
«Барыстың» плей-оффтағы қарсыласы – «Автомобилист»
Құрлық хоккей лигасындағы Гагарин кубогының алғашқы айналымында астаналық «Барыс» Екатеринбург қаласының «Автомобилист» командасымен кездеседі.
 
«Барыс» пен «Автомобилист» арасындағы бірінші матч 8-ші наурызда Астанада өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 17:00-де басталады. «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир көрсетеді.
 
Екінші матч та Астанада өтеді. Бұл ойын 9-шы наурызға жоспарланған. Ал Екатеринбург қаласындағы ойындар 11 және 12-ші наурызға белгіленген.

Хабарламаларға жазылу