6 қыркүйек күні Алматыда ауыл шаруашылық жәрмеңкесінің күзгі маусымы өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оған 3 қала мен 16 ауданның аграрлары келеді. Жәрмеңкеде ет-сүт, жеміс-жидек, шұжық өнімдері, ұн, дәнді-дақылдар, май сияқты 45 түрлі тауар саудаға шығарылады.
Жалпы көлемі 218 тонна болатын тауар бағасы нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен болмақ.