Алматыда жәрмеңке өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жәрмеңке өтеді

05.11.2014
Алматыда жәрмеңке өтеді

8 қараша күні Алматыда Алматы облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қара тұрғындарына ет-сүт, ұн, май, дәнді-дақыл өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағамен алуға мүмкіндік бар.

Өтетін жері: «Астана» алаңы. Уақыты: 08.00-18.00

Осы жәрмеңкенің ұйымдастырылуына байланысты Қазыбек би – Бөгенбай батыр көшелері – Абылай хан даңғылы мен Фурманов көшесі квадратындағы көлік қозғалысына өзгеріс енгізіледі.

Хабарламаларға жазылу