Бірнеше ұлттық аспапты меңгерген өнерпаз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше ұлттық аспапты меңгерген өнерпаз

03.09.2014
Бірнеше ұлттық аспапты меңгерген өнерпаз

Ақбөпе Әділбек – бірнеше ұлттық аспапты меңгерген әмбебап өнерпаз. Оның алғашқы музыкалық аспабы – домбыра. Ал 6-сыныпта оқып жүрген кезінде сазсырнайдың әуенін ұнатып, арнайы үйірмеге жазылыпты.

Ол  шаңқобыз мен жетігенде де еркін ойнайды. Сондай-ақ,  осы аспаптармен Президент оркестрінде өнер көрсетіп келеді.  Жапония мен Еуропаның көптеген елінде концерт қойып, ұлттық құндылықтарымызды шетелде де насихаттап жүр.

«Шетелдіктер осы аспаптарға, әуеніне қатты қызығады. Консерваторияда оқып жүрген кезімде түрлі конкурсқа қатысып, жүлделі болдым»,-дейді өнерпаз.

Ақбөпенің тағы бір қыры – әншілік пен сазгерлік. Ол шығарған музыкалық композицияның атауы – «Ғасырлар үні» деп аталыпты.

Бір басына бірнеше өнер қонған Ақбөпенің сұхбатын толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу