Кешегі дәулескер күйшілердің бүгінгі жалғасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кешегі дәулескер күйшілердің бүгінгі жалғасы

31.03.2014
Кешегі дәулескер күйшілердің бүгінгі жалғасы
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Сан түрлі музыканың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй», деген екен.  
 
Қара тасты ерітердей құдыреті бар күйдің тоғыз пернеден төгіліп, бірде шертпе, бірде төкпе түрде жеткізетін ерекшелігі бар. Құрманғазы, Тәттімбет, Абылдай асыл күйшілеріміздің бай мұрасы ұлттық музыкамызды әлемге паш етті.
 
Нұрғиса Тілендиев, Қаршыға Ахмедияров сынды қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғаларының ізін жалғастырған бүгінгі ұрпақтардың арасында күйдің иірімдерін меңгерген шеберлердің бірі – Ғасырбек Қайратұлы.
 
Кешегі дәулескер күйшілердің бүгінгі жалғасы Ғасырбек 30-дан аса күйді еркін меңгерген. Домбыраның құлағында ойнайтын өнер иесі небәрі 13 жаста.
 
Шертпе күй мен төкпе күйді нақышына келтіріп орындайтын жас өнерпаз: «әр күйдің мәніне үңіліп, тарихына зер саламын»,-дейді.
 
Қазақтың күйін күмбірлеткен Ғасырбектің жетістіктері де аз емес. Ендігі мақсат – әлемдік додаларда топ жару.
 
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
 

Хабарламаларға жазылу