«Қайрат» пен «Рубин» жолдастық кездесу өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайрат» пен «Рубин» жолдастық кездесу өткізеді

02.09.2014
«Қайрат» пен «Рубин» жолдастық кездесу өткізеді

«Қайрат» футболшылары 6-шы қыркүйек күні сырт алаңда қазандық «Рубин» командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды алматылық клубтың ресми сайты.

«Ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты Қазақстан чемпионатында екі аптаға созылатын үзіліс пайда болды. Сондықтан клуб Ұлттық құрама ойыншыларынан басқа футболшылармен біріншіліктің келесі ойындарына дайындық жүргізеді. Осыған байланысты қазандық «Рубин» клубымен жолдастық кездесу жоспарланып отыр», - деп жазылған сайттағы хабарламада.

Айта кетейік, екі команда арасындағы ойын 6-шы қыркүйек күні Қазандағы 45 мың адам сиятын «Қазан Арена» стадионында өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу