«Астана» мен «Гамбург» жолдастық кездесу өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» мен «Гамбург» жолдастық кездесу өткізеді

29.12.2014
«Астана» мен «Гамбург» жолдастық кездесу өткізеді

«Астана» футбол клубы «Гамбургпен» жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы германиялық клубтың ресми сайты хабарлайды.

Бұған дейін, «Астана» 4-24 қаңтар аралығында Дубайда екінші оқу-жаттығу жиынын бастайтынын жария еткен еді. Ал, «Гамбургпен» өтетін матч 18 қаңтарға жоспарланған.

Станимир Стойлов шәкірттері тағы бірнеше жолдастық кездесуін өткізеді. Алайда, қарсыластары мен уақыты әзірге белгісіз.  

«Астана» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізген еді.

 

Фото: www.hsv.de

Хабарламаларға жазылу