Мемлекеттік саясат жөнінде қалам тербеп жүрген журналистерге стипендия тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік саясат жөнінде қалам тербеп жүрген журналистерге стипендия тағайындалды

31.08.2014
Мемлекеттік саясат жөнінде қалам тербеп жүрген журналистерге стипендия тағайындалды

Мемлекеттік саясатқа қатысты сұрақтарға қызығушылық танытқан әлем журналистері, ғалымдары мен мемлекет қайраткерлері бұл стипендияны алуға өтініш жаза алады.

Вудро Вильсон атындағы халықаралық «Woodrow Wilson International Center for Scholars» ғылыми орталығы Вашингтондағы 9 айлық стипендиялық бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдайды.

Стипендия иегерлері тақырыпқа сай зерттеу жүргізіп, материал жазады, саясаттан хабары бар адамдармен, Вильсон орталығының қызметкерлерімен және басқа да қатысушылармен қарым-қатынас жасайды. Орталық АҚШ және әлем алдында тұрған өзекті мәселеге қатысты жобаларын ұсынуға дайын тәуелсіз үміткерлердің де өтінішін қабылдайды.

Стипендиялық бағдарламаға стипендияның 75 пайызы, сондай-ақ, таңдап алынған үміткерлерге медициналық сақтандыру және бағдарлама өтетін жерге барып-қайту жолы кіреді.

Өтініштер 1 қазанға дейін қабылданады.

Хабарламаларға жазылу