Бүгін әлемде мұнай бағасы тағы құлдырады. «Қара алтынның» Brent маркасының құны 0,19 пайызға төмендеп, 1 баррелі қазір 48,44 долларға сатылып жатыр. Ал, WTI-дың бір бөшкесі 43,37 долларға дейін түскен.
Ал, АҚШ-тың мұнай компаниялары бұрғылау қондырғыларын азайтқанын жариялады. Олардың саны 0,7 пайызға кеміген. Яғни, қазір Америкада 842 қондырғы ғана жұмыс істеп тұр. Құрама Штаттарда мұндай жағдайдың қалыптасуына энергетикалық шикізатқа сұраныстың азаюы, соның салдарынан бағаның төмендеуі себеп.
Мадина МҰҚАНОВА