Мұнай бағасы қайта көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы қайта көтерілді

08.07.2016
Мұнай бағасы қайта көтерілді

Екі күн бұрын күрт түсіп кеткен мұнай бағасы қайта көтеріле бастады. Айта кетейік, «қара алтын» құнының төмендеуіне Сауд Арабиясы мен Нигерияда өндірістің артуы және АҚШ-та бұрғылау құрылғылары санының көбеюі себеп болған.

Ал, қайта көтерілуі тағы да Америкада қордың азаюы мүмкін деген ақпараттың тарауымен түсіндіріліп отыр.  Сонымен, Brent 0,6 пайызға қымбаттап, баррелі 48,25 доллардың шамасында бағаланып отыр.

WTI-дың бағасы  болса 0,7 пайызға қымбаттап, бір баррелі 46,92 доллардан сатылып жатыр.

Оңғарбек АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу