Қанат Исламның жеке сайты ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Исламның жеке сайты ашылады

29.08.2014
Қанат Исламның жеке сайты ашылады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның жеке сайты ашылды. Жаңа ақпараттық ресурсты жасауды журналист Берік Сұлтан мен бағдарламашы Сағын Үсенұлы қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайтта боксшының жекпе-жегінен фото, видеоақпарат, келесі жекпе-жегі қашан және кіммен өтетіні туралы мағлұмат қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланатын болады.

«Бүгінде Қанаттың жекпе-жегін көре алмай сусап жүрген жанкүйерлер көп. Сондықтан, оны жұртшылыққа кеңінен насихаттау қажеттігі туып отыр. Бұл жөнінде Қанаттың өзімен, промоутері Нельсон Лопеспен сөйлестік. Олар ісімізді құптады. Қанаттың әр кездесуінде олармен тікелей байланыста боламыз. Ақпаратты промоутер Нельсон Лопес жіберіп отырады деп, келістік. Сайт оперативті жұмыс істейтін болады. Америкада жекпе-жек күндіз өтсе, бізде түн болады ғой. Соған қарамастан, түнде келген ақпаратты түнде салатын боламыз. Kanatislam.com сайтын ашудағы мақсат кz домені емес, com-ды таңдауымыз Қанаттың жетістігіне тек қазақстандықтар ғана емес, бүкіл әлем куә болсын деген ойдан туды. Қазақтың Қанатын әлемге насихаттауда тамшыдай болсын үлесімізді қосуға тырысып, қолымыздан келгенді істеп жатырмыз», - деді журналист Берік Сұлтан.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы кәсіпқой боксқа ауысқалы бері Қанат 18 кездесу өткізіп, оның 15-інде жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.

Хабарламаларға жазылу