Құммен жұмыс істеу – адамның жан дүниесінің тазаруына септігін тигізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құммен жұмыс істеу – адамның жан дүниесінің тазаруына септігін тигізеді

27.08.2014
Құммен жұмыс істеу – адамның жан дүниесінің тазаруына септігін тигізеді

Құмды анимацияның тарихы Батыс Еуропадан бастау алады. Оны мультипликацияға алғаш енгізген америкалық режиссер және аниматор Кэролин Лиф.

1969 жылы Кэролиннің дипломдық жұмысы «Құм немесе Питер мен қасқыр» атты бірінші құмды фильмі жарық көрді. Алайда, жас аниматордың бұл еңбегі сол кезде елеусіз қалыпты.

Тек 1974 жылы экранға жол тартқан «Үйрекке үйленген үкі» атты құмды әңгіме қоғамда да, аниматорлар арасында да ерекше қызығушылық тудырды. Содан бері құмды анимация түрлі жарнамалық роликтерде, бейнебаяндарда, концерттік бағдарламаларда пайдаланыла бастады. Ал, біздің елде өнердің бұл түрі соңғы 5 жылда ғана танымалдылыққа ие болып отыр.

Мамандар құммен жұмыс істеу - адамның жан дүниесінің тазаруына септігін тигізеді дегенді айтады. Миы енді дамып келе жатқан бүлдіршіндердің ғана емес, саусақтарының сезімталдығы жоғалған қарттар үшін де таптырмайтын техника.

Құмның тағы бір ерекшелігі, жағымсыз энергияны тартып алатын қасиетке ие. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу