Кюлтепе Каниш-Карум сауда колониясында археологтар қазба жұмыстарын жүргізу кезінде шамамен 4 мың жыл бұрынғы сылдырмақ тауып алды. Бұл ежелгі белгілі ойыншық түрі болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер қазу жұмыстары 1948 жылдан бері жүргізілуде. Мұнда профессор Фикри Кулоакоглудың басшылығымен Анкара университетінің экспедициясы жұмыс істеуде.
Сылдырмақ балшықтан жасалған, ішіне кішкентай тастар салынған. Оны сылдырлатса, қазіргі ойыншықтардың сыңғырынан еш айырмашылығы жоқ, деп хабарлады Euromag.
Кюлтепе-Каниш – Кіші Азияның ежелгі қалаларының бірі. Б.э. дейін ІІ мыңжылдықта Кюлтепе үлкен қала болған - онда 50 мыңнан астам адам тіршілік еткен.