WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBC тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио Лос-Анджелес қаласында ESPN телеарнасының бағдарламасына қатысты.
«Менің келесі жекпе-жегім Калифорния штатында өтетініне қуаныштымын. StubHub Center аренасында жекпе-жек өткізуді қалаймын және Марко Антонио Рубиомен мексикалық әдісте жұдырықтасамын», - дейді Геннадий Головкин.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жек 18-ші қазан күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы StubHub Center бокс аренасында өтеді.