Жыл басынан бері Қазақстанда 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға білім беру және жұмысқа орналастырумен 60 үкіметтік емес ұйым айналысуда.
«Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясы, ҮЕҰ, жергілікті атқарушы органдармен 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанды жұмысқа алдық. Соның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны 9,2 мың. 2 мыңға жуығы «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша орналасты. Аймақты дамыту бағдарламасы бойынша еңбекке тартылғаны 4 мың», дейді Светлана Жақыпова.
strategy2050.kz