«Құбылай хан» туындысын төрт актер дыбыстады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Құбылай хан» туындысын төрт актер дыбыстады (ВИДЕО)

25.08.2014
«Құбылай хан» туындысын төрт актер дыбыстады (ВИДЕО)

Бүгін Ұлттық арна эфирінен көрерменге жол тартатын «Құбылай хан» тарихи драмасына дубляж жасаған актерлер Сырым Қашқабаев пен Нүркен Өтеуіл және Құбылай ханның бала кезін дыбыстаған жас актер Бейбарыс Өтеуіл «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Телехикаяны аудару барысында байқағаным, бұл фильм – өзіміз бұрыннан тарихтан білетін Мөңке, Арық Бұға, Шыңғыс хан туралы толық мағлұмат бере алатын туынды»,- дейді актер Нүркен Өтеуіл телехикая турасында.

«Тағы бір ерекшелігі, фильмнің сценарий өте жақсы жазылған.  Мен Шыңғыс хан туралы көп оқыдым. Алайда, бұл фильмдегі кейбір кейіпкер туралы мүлдем білмейді екенмін. Мен өзі телехиякая көруге жоқ адаммын. Бірақ, осы «Құбылай ханға» қатысқалы бері «бүгінгі бөлімінде не болады екен?», дегенді шығардым. Келесі бөлімін оқуға асығамыз. Себебі, туынды өте қызықты»,- дейді Сырым Қашқабаев.

Тұтас фильмді дыбыстайтын төрт-ақ актер. Әрқайсысының еншісіне 3-4 кейіпкерден келген. Бұл турасында олар: «Айта кету керек, аудармашының да еңбегі орасан. Аударманың тілі бізге ұнады. Сондай-ақ, біздің тапсырылған істі сәтті аяқтауымызға дубляж бөліміндегі шығармашылық топтың да көмегі көп болды»,- дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасы «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу