АҚШ-тың Атланта (Джорджия штаты) қаласында орналасқан UPS компаниясына киберқарақшылар шабуыл жасады. Хат тасымалдау және логистикамен айналысатын әлемдегі ең үлкен компанияның 100 мың транзакциясының мәліметтері жоғалды, деп хабарлайды компаниясының ресми өкілдері.
UPS компаниясының мәліметі бойынша, киберқарақшылар 20 қаңтар мен 11 тамыз аралығында қызмет көрсетілген адамдардың банк карточкасы мен электронды адрестері туралы ақпаратты білуі мүмкін.
Вирустық бағдарламалар UPS компаниясының 24 штатта орналасқан 51 бөлімшесіндегі компьютерлік жүйелерде анықталған.
Қазіргі таңда бұл мәселе шешілген. UPS мамандары ақпаратты қорғау үшін қосымша шаралар пайдаланған.