Елден көлікпен көмір шығаруға шектеу қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елден көлікпен көмір шығаруға шектеу қойылады

29.08.2023

Қазақстанда алдағы жылыту маусымына 9 миллион тонна көмір дайындалды. Қазіргі таңда ел ішіндегі барлық жылу электр орталықтары қажетті көмір қорын жинаған.

Ішкі нарықта тапшылық тудырмау үшін Қазақстан елден көлікпен көмір шығаруға уақытша шектеу қойып отыр. Сондай-ақ, министрлік өкілдері халықты қысқа ерте қамданып, қатты отынның қорын осы бастан қамдауға шақырды. Айта кетелік, халық арасында сұранысқа ие Шұбаркөл көмірінің кеніштегі қазіргі бағасы 7570 теңге болса, Қаражыра көмірі 9000 теңгеден бастап саудалануда. Мамандар қатты отынның құны жыл соңына қарай 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін екенін айтты. Дегенмен ТМД елдері арасындағы көмір үшін ең арзан баға Қазақстанда сақталып отыр дейді.

Тұрар Жолмағамбетов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары:

Өткен жылмен салыстырғанда баға кей өңірлерде 7, 10, орташа 15 пайызға артқан. Өнеркәсіптік инфляция деген бар. Яғни, ол тек азық-түлік, қызмет түрі ғана емес, кен орындарына қажетті машиналар, жанар-жағар май, тасымал бағасы 40 пайызға өсіп жатыр. Сондықтан бұл өсім сондай жоғары емес.



Хабарламаларға жазылу