Балаларға екпе жасау – адамзаттың үздік жетістіктерінің бірі. Екпе арқылы Жер шарында миллиондаған бала өлімнен, мүгедектіктен аман қалды. Бір кездері талай тағдырды үзген шешек ауруының жойылуы осының дәлелі.
Алайда, бүгінде екпенің не екенін ата-аналар білгенімен, екпе жасатпас бұрын көбінің көңілінде күдік туатыны да жасырын емес. Себебі, соңғы уақытта екпеден кейін сәбидің сал болып қалу мысалдары жиі айтылып жүр.
Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуында аурудың алдын аламын деп екпе салдырғаннан кейін бірден жансақтау бөлімінен шыққан кейіпкер пікірімен бөліспек.