21-22 тамызда Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстаннан 150 жас суретші «Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия 2013-2014» ЮНЕСКО халықаралық байқау-фестиваліне қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаңтар-маусым айларында 5 мемлекеттің балалары өз жұмыстарын конкурстық комиссияға ұсынды.
Олар Қазақ Өнер университетінде өтетін Орталық Азия елдерінің дарынды суретшілерінің бейнелеу өнерінен шеберлік сыныптарына, толеранттылық бойынша тренингтерге, халықаралық мамандардың мәдениет, өнер және коммуникация саласындағы дәрістерге қатысады.
Сондай-ақ, фестивальға қатысушылар үшін экскурсиялық бағдарлама да ұйымдастырылады. Балалар Есілдің сол жағалауын, Оқушылар сарайын, «Думан» ойын-сауық орталығын, Бейбітшілік және Келісім сарайын, Тәуелсіздік сарайын және ҚР Ұлттық музейін аралайды.
23 тамызда Назарбаев орталығында қатысушыларды дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттау салтанаты өтеді. Айта кетейік, «Балалар әлемді бейнелейді. Орталық Азия 2013-2014» жобасы 2010 жылы қолға алынған болатын.