WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 18-ші қазан күні Калифорния штатындағы «StubHub Center» стадионында өткізеді, деп хабарлайды Boxingscene.com.
Геннадийдің қарсыласы – WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпион Марко Антонио Рубио.
«Мен жекпе-жекті Калифорнияда өткізетіндіктен, қатты қобалжудамын. Мен әрқашан «StubHub Center» стадионында өтетін кездесулерге барғанды жақсы көремін. Марко Антонио Рубиомен жекпе-жегіміз мексикалық стильде болады деп ойлаймын», - дейді Геннадий Головкин.