Еліміздегі көлеңкелі экономиканың үлесі – 28,6 пайыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі көлеңкелі экономиканың үлесі – 28,6 пайыз

18.08.2014
Еліміздегі  көлеңкелі экономиканың үлесі – 28,6 пайыз

Көлеңкелі экономиканың өткен жылғы үлесі Қазақстанның ЖІӨ-нің 28,6 пайызын құрады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Статистика комитетінің басшысы Әлихан Смаилов мәліемдеді.

«Былтыр елдің ЖІӨ-нің көлемі 35 триллион теңге болды. Оның ішінде санатқа алынбаған үлес 28,6 пайызды құрады»,-деді спикер.

Оның сөзінше, Статистикалық комитет былтыр елдің ЖІӨ-нің көлеңкелі экономикасын есептеуге арналған жаңа әдіс енгізген. Онда заңсыз қызмет түрлері (есірткі, жезөкшелік және т.б.), бизнестегі заңсыздықтар көрсетілген.

Сонымен қатар, Әлихан Смаиловтың айтуынша, көлеңкелі бизнес операциялары елдің ЖІӨ-нің 9,5 пайызын құрайды, яғни, 3,5 триллион теңге. Ал, заңсыз қызмет түрлері 2,4 пайыз, яғни 840 миллиард теңге болған.

Хабарламаларға жазылу