Қазақстанда қаржы мен мүлікті заңдастыру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда қаржы мен мүлікті заңдастыру басталды

01.09.2014
Қазақстанда қаржы мен мүлікті заңдастыру басталды

1-қыркүйектен бастап, Қазақстанда қаржы мен мүлікті заңдастыру басталды.

Заңдастыру акциясы «көлеңкелі» экономиканың көлемін азайту және ел экономикасына қосымша қаржы мен мүліктерді тарту мақсатында жасалып отыр.

Екіншіден, заңдастырылған ақша мен мүлік табыс болып саналмайды, сәйкесінше, оларға табыс салығы салынбайды.

Үшіншіден, ақша мен мүліктерін жария етушілер бірқатар бап бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерден босатылады.

Бұл жерде заңдастыруға қатысты белгілі бір шектеулер мен талаптар «Мүлікті жария етуге байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар тұлғаларға рақымшылық жасау туралы»  Заңда толық қарастырылған.

Заңдастыруға жататын мүліктер:

- ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталдағы үлесі;

- құрылыс, заңдастырылатын нысан орналасқан жер учаскесі,

       - тиесілі емес тұлғаға ресімделген құрылыс;

     - Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі жылжымайтын мүлік.

Акция 2015 жылдың 31-желтоқсанына дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу