Ақтауда «Спорт күні» шарасына байланысты үстел теннисінен ашық турнир өтті.
Жарыстың мақсаты - салаутты өмір салты мен спортты насихаттау және өңірде үстел теннисін дамыту.
Турнир бірнеше категорияда ұйымдастырылды. Қатысушылар 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер, мүмкіндігі шектеулі спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер, спорт ардагерлері болып бөлінді.