Голливудтық актер Эштон Катчер кино саласындағы карьерасын аяқтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Голливудтық актер Эштон Катчер кино саласындағы карьерасын аяқтайды

17.08.2014
Голливудтық актер Эштон Катчер кино саласындағы карьерасын аяқтайды

Голливудтың атақты актері Эштон Катчер кино саласындағы карьерасының аяқталғанын, енді одан да маңыздырақ жобалармен айналысатынын  хабарлады, деп жазады Росбалт. 

Ол енді жаңа рөлдерден бас тартып, көп уақытын отбасына арнамақ.  Қазір Эштон «Екі жарым адам» сериалының соңғы маусымына түсуде.

Осы жобадан соң ол Голливудпен қоштасады. Катчердің айтуынша, киноиндустрия саласында 15 жыл қызмет ету ол үшін жеткілікті болды.

Енді актер интернет технологиялар саласындағы кәсіппен айналысуды жоспарлап отыр.  

 ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу