«General Motors» автоконцерні қызметкерлеріне «Google Glass» «ақылды» көзілдірігін таратады.
Бұл арқылы концерн бақылау сапасын арттырып, өндірісті жылдамдатуды жоспарлап отыр.
Қызметкерлер оның көмегімен жұмыс орнында отырып-ақ, жаңа ақпараттарды ала алады. Сондай-ақ, мәселе туындай қалған жағдайда инженермен тікелей байланысқа шығуға мүмкіндіктері бар.