Астанада 16- 23 тамызда мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл туралы strategy2050.kz сайты хабарлады.
«Мектеп жәрмеңкесі 16 және 23 тамыз күндері Астана әкімдігі алдындағы орталық алаңда ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде мектеп киімдері, оқу құрал-жабдықтары төмен бағада сатылады. Ата-аналар таңғы сағат оннан кешке дейін жәрмеңкеге келіп, төмен бағада қажетті дүниелерін сатып ала алады», - деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазиев.
Сонымен қатар, қаладағы «Хан шатыр», «Керуен» тәрізді ірі сауда орындарының алдында да контейнерлер орнатылуы көзделуде. Мұндай акция Астанада бірінші рет ұйымдастырып отыр.