![ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты тікелей эфирде](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/7/23/1627035750235.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 16:30-да басталады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын боксшылардың капитаны Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова алып шығады.
Ұлттық Олимпиада Коммитеттерінен келген делегациялардың шеруі 17:30-ға жоспарланған. Шеруді Грекия құрамасы бастап, Жапония құрамасы аяқтайды. Шараға 205 мемлекеттен келген спортшылар қатысады.
XXXII Жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрі бойынша 97 лицензия бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты тікелей эфирде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/143451/)