Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Үкімет құрылымында жүргізілген реформаларға дейін Рашид Түсіпбеков Қаржы полициясы агенттігін басқарған болатын.