ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды

12.03.2020
ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары сайланды.

Жоғарғы сот судьясы лауазымына Нұрғазы Әбдіқанов, Марғұлан Бектұрғанов және Шолпан Даниярова сайланды. 

«Мемлекет басшысы аталған азаматтарды Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар», - деді ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов. 

Айта кетейік, судья қызметіне сайланғаннан кейін, судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.

inform.kz 


Хабарламаларға жазылу