Түркияның Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, елдің қазіргі премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған 52 пайыз дауыс жинап, президенттік сайлаудың алғашқы кезеңінде жеңіске жеткен.
Ердоған 50 пайыздан жоғары жинағандықтан, сайлаудың екінші кезеңі болмайды, дейді сайлау комиссия төрағасы Сади Гювен.
Оппозицияның басты үміткері Экмеледдин Ихсаноглу 38,5, ал Саляхаттин Демирташ 9,8 пайыз дауыс жинады.
Бұл Түркияда 1923 жылдан бері өткен алғашқы тікелей президенттік сайлау. Осы уақытқа дейін Түрік Республикасының президентін парламент тағайындайтын.
Ресми қорытынды осы аптада белгілі болады.