«Қазақфильм» киностудиясы фантастикалық фильмнің түсірілімінде жалпы көпшілік көріністерге қатысу үшін кастинг жариялайды.
«Феникс» атты жаңа көркем фильмдегі жалпы көріністерге түсуге іріктеуге барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Олардың жас ерекшеліктеріне қатысты шектеу жоқ.
Кастингке қатысуды қалағандар Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылы, 176 үйде орналасқан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына 11-31 тамыз аралығында келе алады, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметінен.