Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты басталады

10.06.2016
Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты басталады

Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Беташар матчта Франция мен Румыния кездеседі. Осы ретте «Аламан» дүбірлі додаға қатысты қызықты деректер ұсынады.

    Франция құрамасының мүшесі Андре Жиньяк Мексика чемпионатынан Еуроға қатысатын алғашқы ойыншы. Ол мексикалық «Тигрес» клубында доп тебеді.

    Украиналық Андрей Тимощук Қазақстан премьер лигасынан Еуропа чемпионатына қатысатын алғашқы ойыншы. Тимощук «Қайратта» ойнайды.

    Румыния Еуропа біріншілігінің іріктеуінде сегіз матч қатарынан қақпасына гол жібермеген.

    Касильяс пен Ван Дер Сар Еуропа чемпионатында тоғыз ойында гол өткізбеген.

    Италия Бельгиямен 21 ойын өткізіп, тек төртеуінде ғана жеңілген.

    Буффон Италия құрамасы сапында Еуропа чемпионаттарының 13 матчына қатысқан.

    Германия Украинаны сырт алаңда жеңіп көрмеген. Үш тең ойын.

    Германия өзі қатысқан Еуропа чемпионатының алғашқы матчтарында жеңілмеген (+6. =5)

    Англия өзі қатысқан барлық Еуро додалардың алғашқы матчында жеңіске жетпеген (-4. =4)

 

Хабарламаларға жазылу