Елбасы Үкіметтің жаңа құрамының жұмысына сәттілік тіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Үкіметтің жаңа құрамының жұмысына сәттілік тіледі

06.08.2014
Елбасы Үкіметтің жаңа құрамының жұмысына сәттілік тіледі

Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында атқарушы биліктің жаңартылған құрамын айқындаған ҚР Президенті Н. Назарбаев Үкіметтің алдағы жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Тұрмысты шарықтатып, тіршілікті түзетін тек - бейбіт өмір, адал еңбек. Жасампаз істер татулық пен тұрақтылық арқылы ғана жасалады.

Барды бар ғып, құндылықты қадірлеу әрбір азаматтың міндеті. Ел бірлігі - ең асыл қазына, ең асыл қасиет. Осы асыл қазынаны көздің қарашығындай сақтау тұтас Қазақ елінің алдындағы ұлы парыз», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы «Қазақстан-2050» бағытында айқындалған Мәңгілік ел болу жолында халықтың бүгінгі бағыты жалғасатынын атап өтті.

«Осында отырған баршамыз, сондай-ақ барлық қазақстандықтар елдің ертеңі үшін жұмыс істесек, сонда ғана мақсатымызға жетеміз. Бағдарламалар бекітілді, тапсырмалар айқын. Енді тек жұмыс істеу керек. Ендеше сәттілік тілеймін», - деді Мемлекет басшысы.

Хабарламаларға жазылу