Бурабай курортында «Бурабай Панкратион-2014» ХIV дәстүрлі халықаралық жекпе-жек фестивалі өтті, деп хабарлады кәсіби панкратионнан Азия лигасының баспасөз қызметі.
Бұл - халықаралық деңгейдегі 111 турнир. Онда «Аssenov Fight» нұсқасы бойынша Әлем чемпионының тоғызыншы белбеуі үшін тартыс өтті.
Әлем чемпионаты жеңіл салмақ 62,5 + 1 кг дәрежесіндегі спортшылар арасында өтті.
Жарысқа түрлі жекпе-жек өкілдері қатысты (каратэ, бокс, ушу-саньда, дзюдо, еркін күрес және т.б). Бұл жарыста Қазақстан, Азия, Еуропа және әлемнің мықтылары бәсекелесті.
Үш күн ішінде әлемнің 8 үздік файтері бас жүлдеге таласты. Астаналық Қанат Досмағамбетов жеңіске жетті.