«Орталық Азиямен танысу» атты әдеби байқау басталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Орталық Азиямен танысу» атты әдеби байқау басталмақ

03.08.2014
«Орталық Азиямен танысу» атты әдеби байқау басталмақ

Ұлыбританияның «Hatfordshire Press» баспасы «Орталық Азиямен танысу» атты ІІІ халықаралық әдеби байқауына тапсырыстар қабылдана бастағанын жария етті, деп хабарлайды inform.kz.

Байқау осы жылдың қараша айында өткізіледі. Төрт күн ішінде Астана мен Алматы қаласында белгілі жазушылар, саясаткерлер, дизайнерлер, кино және БАҚ өкілдерінің қатысуымен алуан түрлі шара өтеді.

Әдеби сайыс «Көркем шығарма», «Әдеби аударма» және «Әдеби шығармаға иллюстрация» деген үш аталым бойынша өтпек. Ал, оған қатысатын шығармалар мәтіні қазақ, орыс, ағылшын, қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен және әзірбайжан тілдерінің бірінде жазылуы тиіс.

Байқау жеңімпазының кітабы ағылшын тіліне аударылып, Лондонның кітап жәрмеңкесіне ұсынылатын болады. Биылғы бәйгеге «Бейнефильм» аталымы да қосылды. Бас жүлдеге 17 мың АҚШ доллары тігіліп отыр.

 

Хабарламаларға жазылу