Ертең елордада Абайдың 175 жылдығына орай әдеби шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең елордада Абайдың 175 жылдығына орай әдеби шара өтеді

22.08.2019
Ертең елордада Абайдың 175 жылдығына орай әдеби шара өтеді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты рухани-танымдық әдеби мереке өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Шара Абай ескерткіші жанындағы алаңда сағат 11:00-де басталады. Әдеби мерекені елорда әкімдігінің Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы мен «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырып отыр.

Мақсаты - ұлы ақынның шығармашылығымен танысу, талдау және насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақ бойында отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді қалыптастыру.
 

Хабарламаларға жазылу