Болгарияның Мизия қаласында су тасқыны болып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Қатты жауған жаңбырдан Скат өзенінің деңгейі 3 метрге көтеріліп, су жағадан шығып кеткен. Бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды bbc.co.uk.
Билік жергілікті жүздеген тұрғындарды әскери тікұшақпен қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Қазіргі таңда Мизия қаласында жарық пен су жоқ. Барлық жолдарды су шайып кеткен.