Алматы маңында Ұлттық спорт түрлерінен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ҚР ІІІ чемпионатында теңге ілу мен аударыспақ ойындарының нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Теңге ілуден Ақтөбе облысының командасы 1 орынды жеңіп алды. Екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы, ал 3 үшінші орын Шығыс Қазақстан облысының командасына бұйырды.
Бүгін аударыспақтан да сайыстар аяқталды. Сонымен, 40 келілік салмақ бойынша 1 орынды - Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңіп алды, 2 орында - Оңтүстік Қазақстан облысы, ал 3 орында – Ақмола облысы.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан бұл біріншілік Үшқоңыр кенті маңындағы «Қазанат» атшабар алаңында өтуде.