Қытайдың шығысындағы Куньшань қаласында орналасқан зауытта жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 65 адам қаза тапты. Кем дегенде 120 адам жараланды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.
Оқиға автокөліктердің қосалқы бөлшектерін құрастыру цехында болған. Басты себеп – жанғыш материалдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталмауы. Екінші болжам – бу қазандығының жарылуы.
Айта кетейік, маусым айында Қытайдың солтүстік – батысында тау – кен өндірісінің зауытында жарылыс болған еді. Сол кезде 2 адам қайтыс болып, 6 адам жараланды.