«Париж-Ницца – 2009» жеңімпазы «Астана» велокомандасына ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Париж-Ницца – 2009» жеңімпазы «Астана» велокомандасына ауысты

01.08.2014
«Париж-Ницца – 2009» жеңімпазы «Астана» велокомандасына ауысты

Испаниялық велошабандоз Луис Леон Санчес қазақстандық «Астана» велокомандасының сапына өтті, деп хабарлайды Velolive.com.

Луис Леон Санчестің негізгі велоспорттағы негізгі жетістіктері: 2009 жылғы «Париж-Ницца», 2005 жылғы «Тур Даун Андер» көпкүндік жарыстар мен 2010, 2012 жылғы біркүндік «Классика де Сан-Себастьян» велобәйгесі.

Осыған қоса, ол «Тур де Франстың» 4 кезеңін ұтқан және Испания ұлттық чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы.

Луис Леон Санчестің соңғы командасы Rabobank (Belkin Pro Cycling Team) болған. Оған дейін ол ONCE және Caisse d'Epargne (Movistar Team) велокомандаларының намысын қорғаған.

Хабарламаларға жазылу