Қаржы полициясы «Қазатомпром» ұлттық компаниясының 1,3 миллиард теңге қаражатын ұрлады деген айыппен «Қазатомпром» ұлттық компаниясының басқарушы директоры В.Шевелевті, «Қазатомпром-Демеу» ЖШС директоры С.Әбдрәзақовті және «Әлібеков» ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы «Сырдария-жоба Құрылыс» ЖШС директоры Р.Әлібековті ұстағанын бұған дейін хабарлаған еді.
«Бұл қылмыстық істің тергеуі аяқталды. 2014 жылғы 19 маусымнан бастап аталған қылмыстық іс Өскемен қаласының №2 сотында қаралуда», - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.