Қостанайда жол сақшысы парамен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жол сақшысы парамен ұсталды

13.03.2014
Қостанайда жол сақшысы парамен ұсталды
Қостанай облысында парақор жол сақшысының әрекеті әшкереленді. Рудный қаласындағы әкімшілік полициясының аға инспекторы заңды белінен басып, сыбайлас жемқорлыққа жол берген.
Ол жол-көлік оқиғасына ұшыраған жүргізуішінің үстінен әкімшілік іс қозғамау үшін 100 мың теңге талап етіпті. Қаржы полициясы қызметкерлері парақор инспекторды жұмыс кабинетінде ақшаны алып жатқан кезінде тұтқындады.
 
 Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Осы оқиға бойынша алдын-ала тергеу аяқталып, іс прокуратураға жөнелтілді.
 
Рустам Садықов, Қостанай облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы:
Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 311 бабының, 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріспен аяқталды. ҚК бойынша мұндай қылмыстық әрекет үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
 
 
Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу