Көкшетауда табиғат апатынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда табиғат апатынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсетіледі

29.07.2014
Көкшетауда табиғат апатынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсетіледі

 

 

Көкшетауда табиғат апатынан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы Көкшетау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі басшысының орынбасары  Инна Адам мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгінгі күні зардап шеккен үйлер тексеріліп, келтірілген шығын көлемі есептелінуде. Ертең осы мақсатта арнайы құрылған жұмыс комиссиясының отырысы өтіп, қорытынды шешімі шығарылады.

Сол кезде табиғаттың тосын мінезінен келтірілген шығын көлемі анықталып, кімге қанша әлеуметтік көмек көрсетілетіні белгілі болмақ.

«Жалпы, қазіргі кезде зардап шеккен тұрғындар бізге мекенжайы бойынша анықтама қағазын, жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаты, жеке куәлігінің көшірмесі және «Халық банкі» мен «Қазпошта» АҚ-ның филиалдарынан арнайы ашылған есепшоттарын тапсыруда. Қазірге дейін 160 өтініш түсіп, 69 үйге нақты материалдық залал келгені анықталды. Зардап шеккендерге тамыз айының басынан 30 АЕК дейін көмек көрсетуді бастаймыз», - дейді  Инна Адам.

 

Хабарламаларға жазылу