11,5 мың түлек техникалық мамандықтар бойынша тегін білім алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11,5 мың түлек техникалық мамандықтар бойынша тегін білім алады

28.07.2014
11,5 мың түлек техникалық мамандықтар бойынша тегін білім алады

Қазіргі кезде еліміз бойынша білім беру гранттарына үміткер түлектерден құжаттар қабылдау жүргізілуде.

Биыл 34 мыңнан астам түлек еліміздің ЖОО-да тегін оқитын болады. Соның ішінде басым бөлігі техникалық мамандықтар бойынша білім алады.

Бұл көрсеткіш күндізгі және сырттай оқу формасында 11,5 мыңнан асады. Педагогикалық мамандықтарға - 5134, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала бойынша - 4500, ауылшаруашылық мамандықтарына 1930 грант бөлінген.

Байқауға  құжаттар шілде айының соңына дейін қабылданады, деп хабарлайды Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Хабарламаларға жазылу